Қаныңмен төле!
Қорықпаңыз — бұл жай ғана I’M Restaurants пен Қазақстан Қан орталықтарының қайырымдылық жобасы.
Біздің мақсатымыз — еліміздегі қан донорларының санын арттыру.
Қан тапсырып, I’M Restaurants-тан 2000 бонус алыңыз — оларды тағамға айырбастай аласыз.
Барлық мәліметті осы сайттан таба аласыз. Назар аударғаныңыз үшін алғыс айтамыз!
Қаның бізге бұйырады деп сенеміз!
Қосымша ақпарат
Қатысу нұсқаулығы:
1 қадам
Осы тізімнен өз қалаңыздағы ыңғайлы Қан орталығын таңдаңыз
2 қадам
Донор болу талаптарымен танысыңыз. Ережелер қарапайым және қатаң шектеулер жоқ
3 қадам
Қан орталығына келіп, жеке куәлігіңізді ұмытпаңыз!
4 қадам
Орталық мамандарының нұсқаулығын орындаңыз
5 қадам
Қан тапсырып, I’M Restaurants-тaн 2000 бонустық сертификатын алыңыз
6 қадам
I'M қосымшасын жүктеп, промокодты енгізіңіз
7 қадам
Бонустарыңызды өзіңізге ұнайтын мейрамханада қалаған тағамға жұмсаңыз
Сіз нағыз батырсыз! Рахмет!
Донор болудың мәнін ашыңыз
Сіздің қаныңыз біреудің өмірін құтқаруы мүмкін
I’M мейрамханасында тегін түскі ас
Тегін талдаулар
Ресми демалыс күні
Қаныңыздың тобы мен
резус-факторын білесіз
Қаның өз мақсатына сай
қолданылуы үшін өте қарапайым
ережелерді сақтау жеткілікті
Бұл — өзіңнің қауіпсіздігің үшін де, биоматериалдың жарамдылығы үшін де маңызды

Қан тапсыру үшін барлық шарттарға сай келетін күнді таңда, және Донор орталығындағы сауалнаманы әрдайым шынайы толтыр:

 

  • Қан тапсыру алдында  48 сағат  бұрын ішімдіктен бас тарт;
  • Жұқпалы немесе қабыну ауруларымен ауырған кезде қан тапсырма;
  • Қан тапсырардан  72 сағат  бұрын ауырсынуды басатын дәрілер қабылдама;
  • Қан тапсырардан  14 күн  бұрын екпе салдырма;
  • Соңғы  3 ай ішінде тату жасатқан болсаң, қан тапсырма;
  • Қан тапсырардан  2 сағат  бұрын шылым шекпе;
  • Жүкті болсаң немесе етеккір кезінде болсаң, қан тапсырма
  • Өзіңде қарсы көрсетілімдер не ауыр дерт бар екенін білсең, қан тапсырма. Қажет болған жағдайда дәрігермен кеңес

 

Тізім үлкен болып көрінуі мүмкін, бірақ салауатты өмір салтын ұстанатын адам үшін қан тапсыруға қолайлы күн табу оңай.

Донорларға арналған нұсқаулық
Донор болу
ойлағаннан да оңай
Міне, мамандардан бірнеше пайдалы кеңес:
Қан тапсырған соң шамамен бір сағат өткенде жақсылап тамақтанып, тәтті жеуді ұмытпа — бұл ағзаңа күш пен қуат береді. I’M мейрамханалар желісі саған 2000 бонус сыйлайтынын ұмытпа!
Егер өзіңді жайсыз сезінсең немесе қорықсаң, бұл туралы орталық мамандарына міндетті түрде айт. Сен үлкен, игі іс жасап жатырсың — әрдайым қасыңнан көмек беруге дайын адамдар табылады.
Қан тапсырғаннан кейін өз денеңе дем бер. Бұл күні ауыр жаттығулар мен ауыр зат көтеруден бас тарт — ағзаңа қалпына келуге мүмкіндік бер.
Қан тапсыруды жақсы әдетке айналдыр! Қанды 2–3 ай сайын қайта тапсыруға болады. Донор орталығының мамандары тұрақты донорларды әрдайым ерекше қуанышпен қарсы алады.
Кейде кейбір адамдар денсаулығына байланысты донор бола алмайды. Бұл — қорқынышты емес!
Бонустарды қолдану тәсілі
Қан орталығынан арнайы промокод картасын алуды ұмытпа
01
I’M қосымшасын өз құрылғыңа жүкте (IOS және Android үшін қолжетімді)
02
Қосымшаға телефон нөмірің арқылы тіркел
03
Басты беттегі «Промокод енгізу» батырмасын тауып, картадағы кодты енгіз
04
Бонустар есепке түскен соң, өзіңе ұнаған тағам мен сусындарды таңдап, 2000 бонусқа тапсырыс бер
05
Промокодты пайдаланып, тапсырысты тікелей мейрамханада рәсімде. Бонустар жеткізу тапсырыстарына қолданылмайды
06
Тапсырысыңды кассадан алып кет!
07
Ас болсын!
Қаныңды тапсыратын орталықтың мекенжайын білу үшін қалаңды таңда:
Кенесары
Сарыарқа даңғылы, 9"Д"
Керуен
Достық көшесі 9, "Керуен" СОО
Қабанбай Батыр
Қабанбай батыр даңғылы, 26
Mega Silk Way
Қабанбай батыр 62, "Mega Silk Way" СОО, 2-қабат, фудкорт аймағы
М36 Тас Жолы
"Байқоңыр" ауданы, ул. Ɵндiрiс 96
САБ
Бөгенбай батыр даңғылы 49, қиылысы. Әуезов көшесі
Еуразия
Петров көшесі 24Г
Иманова
"Байқоңыр" ауданы, Ш. Уәлихонов көшесі, 6-учаске
Мамыр
Мамыр-4, 197
Алатау
Төле би көшесі, 41, (Қонаев көшесінің қиылысы)
Mega Park
Мақатаев көшесі, 127/1 / Сейфуллин даңғылы, 483
Бұқар Жырау
Минин көшесі, 14/1 (Бұқар Жырау - Байтұрсынов)
Апорт
Ташкент трактісі, 17" К","Aport Mall" ТРК
Ақсай
Ақсай-2 шағынауданы, 8 а
Байқоңыр
Мұстафин көшесі, 5а
MEGA Alma-Ata
Розыбакиев көшесі, 247а
ADK
Маршак көшесі 151
Атакент
Тимирязев көшесі, 38/3 үй
Динамо
Шевченко көшесі 85 а (Сейфуллин көшесінің қиылысында)
Maxima
Райымбек даңғылы 239Г
Сейфуллин Саябағы
Сейфуллин көшесі 9В
45 тоқсан
Бұқар Жырау даңғылы, 75/14
Сәтбаев
Қаныш Сәтпаев даңғылы, 52а
Тұңғыш Президент Саябағы
Әбілқайыр хан көшесі, 96
Абай
Тәуелсіздік көшесі, 41
I’M қосымшасын жүкте
және өз «қанмен тапқан» бонустарыңды жұмса!
Сұрақтарың қалды ма?
Науқанға басқа қалада қатысуға бола ма?
Өкінішке қарай, жоқ. Қанды тапсыру, сертификат алу және бонустарды пайдалану тек I’M мейрамханалары орналасқан қалаларда ғана қолжетімді. Вот список.
Менің қанымның донорлыққа жарамдылығын қалай анықтауға болады?
Қан тапсырар алдында сен сауалнама толтырып, Қан орталығының дәрігерлерімен сұхбаттасасың. Сол кезде мамандар сенің донор бола алатыныңды анықтайды. Ең бастысы — барлық сұрақтарға шынайы жауап беру.
Талдау нәтижелерін қалай білемін?
Барлық ақпаратты саған Қан орталығының мамандары түсіндіреді. Сондай-ақ, сен өз телефон нөміріңді қалдырасың — қажет болса, олар өздері хабарласады.
18 жасқа толмаған жағдайда қан тапсыра аламын ба?
Жоқ. Бірақ сен 18 жасқа толған соң, донор болу мүмкіндігіне қайта орала аласың деп сенеміз.
Бонустық сертификат қанша уақыт жарамды?
2025 жылдың 30 қарашасына дейін.
Сертификатты ақшаға ауыстыруға немесе 2000 теңгеден асатын тапсырысқа қолдануға бола ма?
Сертификатты ақшаға айырбастауға болмайды. Егер тапсырыс сомасы 2000 теңгеден көп болса, айырмашылығын өзің төлеуің қажет.
Wolt немесе Яндекс.Еда жеткізе ме?
Бұл жолы бонус жеткізілімге қолданылмайды — тек қосымша арқылы тапсырыс жасап, мейрамханадан алу қажет.
Бонустарды пайдалану кезінде қиындық туындады немесе басқа сұрақтарым бар. Не істеу керек?
Біз әрдайым көмектесуге дайынбыз! Бонустарға қатысты барлық сұрақтар бойынша тек I’M-ге хабарлас:
📩 Instagram Direct арқылы
📧 info@im.com.kz
📞 +7 (727) 332 40 20 (дс–жм)
🌐 im.kz/contacts сайтының «Байланыс» бөлімінде.